Ресурстар

LogCentre — Қазақ-Неміс университетінің (Алматы қ.) негізінде құрылған логистиканың коммуникациялық және трансферлік орталығы. Бұл орталық BMBF (Германияның Білім беру мен ғылыми зерттеулер федералдық министрлігі) қаржылық қолдауымен OVGU Magdeburg (Отто фон Гёрике атындағы Магдебург университеті), Fraunhofer IFF (Фраунгофер Қоғамының өндірісті ұйымдастыру және автоматтандыру институты) және Қазақ-Неміс университетінің бірлескен бастамасы ретінде құрылған.
LogCentre өндірістік, көліктік және қойма логистика аясында зерттеу, білім беру, біліктілікті және практиканы арттыру салаларын біріктіруге бағытталған. Логистика саласындағы неміс ноу-хаудың Қазақстанға трансфері - LogCentre-дің басты міндеттерінің бірі.

Толығырақ ақпаратты мына сілтеме бойынша таба аласыз: http://logcentre.kz/ru/ru-homepage/