Ресурстар

ҚНУ-дағы CiscoNetworkingAcademy

ҚНУ Ciscoи ресми серіктесі болып табылады және 2013 жылдың 7 қазанынан бастап CiscoNetworkingAcademyс мәртебесіне ие.

CiscoNetworkingAcademy оқу бағдарламаларының көп деңгейлі жүйесі студенттерге: Cisco құрал-жабдығының қатардағы операторынан бастап халықаралық кәсіби сертификаттары бар Cisco инженері мен сарапшысына дейінгі түрлі біліктілік деңгейлерін алу мүмкіндігін ұсынады.

Бағдарлама жаңа электронды технологиялар көмегімен оқытушының жетекшілігімен жүретін дәстүрлі оқу процесін материалды қашықтықтан игерумен біріктіреді.

CiscoNetworkingAcademy жобалау теориясы мен тәжірибесі, халықаралық стандарттарды қолдана отырып, жергілікті және ғаламдық тораптарды пайдалану және құрылыс бойынша мамандар дайындайды. Сабақтарда студенттер желілік құрылғыны икемдеу, жасау, конфигурациялау, басқару мен орта көлемдік желілердегі ақаулықтарды жою дағдыларын үйренеді.

Сабақтар Cisco коммутаторлары мен бағдарлауыштарымен жабдықталған коммутациялық техника зертханаларында өткізіледі. Бір жұмыс орнынан бірнеше компьютерлік желіні үлгілеу мүмкіндігі және ақпараттардың жүруін бақылауға болады.

Оқуды CiscoNetworkingAcademyның сертификатталған нұсқаушылары: инженерлік-экономикалық ғылымдар факультетінің техникалық бағыт жетекшісі, т.ғ.к. Савельева Елена Анатольевна мен инженерлік-экономикалық ғылымдар факультетінің оқытушысы Кулбулова Юлия жүргізеді.