Ресурстар

Физика зертханасы магнитті және электр құбылыстарын зерттеу, айналма қозғалыстарының статика мен динамика заңдылықтары, жарықтың кванттық және толқындық қасиеттері, жартылай өткізгіштердің қасиеттерін зерттеу бойынша зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған құрылғыларымен жабдықталған. Зертханалық жұмыстардың бір бөлігі компьютерлік техниканың қолданылуымен виртуалды режимде жүргізіледі.

Электр техникасы бойынша зертхана мультимодалды компьютерлік оқыту жүйесінің базасында электр техникасы, электроника, автоматты реттеу мен информатика теориясы, қуат көздерін, өлшеуіш техника, дыбыстардың сандық өңделуі мен коммуникациялық техника негіздері бойынша зерттеу тұрғысынан зертханалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Қайта жаңартылатын энергия көздері бойынша зертхананың екі көрсету қондырғысы бар. Біріншісі күн (фотоэлектрлік) панелдерінің жиынтығынан электр энергиясын алу үшін қолданылады. Екіншісі- күн коллекторынан су жылытуға болатын жылу энергиясын алуға арналған.

Сонымен қатар, жылу энергетикалық жүйелер мен энергияны пайдалануды зерттеуге арналған зертхананың өлшеуіш жабдығы бар және ол бағдарламалық қамсыздандырылған.

Түрлі материалдарда жылу шығындарын анықтау үшін «жылы үй» физикалық үлгісі мен жылуға ден қойғыш қолданылады. Ал университет ғимаратының шатырында фотоэлектрлік модулдер өндіретін күшті анықтау үшін зертханалық қабырға және метеорологиялық жүйе орнатылған. Ғимарат ішінде жұмыс істеудің қолайлы шарттарын анықтауға арналған зертханалық жабдық та бар.

Экологиялық химия зертханасы қоршаған орта сапасын кешенді зерттеу бойынша зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған аспаптармен жабдықталған. Атап айтқанда, атмосфералық ауаны, суды сапалық және сандық зерттеу бойынша аспаптар. Зертхана аспаптарының ішінде су талдауыштары, кондуктометр, рН-метрлер, газ талдауыштары, спектрофотометр мен зертханалық тәжірибелер үшін қосымша жабдықтар бар.