Мансап орталығы

Арманыңдағы жұмысты қалай табуға болады?

Сіздің қажеттіліктеріңізді, дамуыңыз бен өсуіңізді қанағаттандыратын жұмыс орнын табу қашанда оңай емес. Біз сізге сабыр сақтап, университетіміздің Мансап орталығының кеңестерін алуға шақырамыз.

Бос жұмыс орындарын іздеу үшін келесідей ресурстарды қарауға кеңес береміз:

  • www.hh.kz — жұмыс іздеу бойынша танымал қызметтердің бірі;
  • www.hipo.kz — үздік мамандар ең үздік компанияларда жұмыс істеуі қажет деген ерекше философия ұстанатын бос жұмыс орындарын іздеу бойынша қызмет;
  • www.linkedIn.com — іскери қатынас үшін әлемдегі ең ірі әлеуметтік желі. LinkedInде профайл құру арқылы сізге кәсіби қызметіңізде көмектесетін түрлі салалардағы кәсіби мамандар, бос жұмыс орындары, жаңалықтар, толықтырулар туралы ақпаратқа қол жеткізесіз;
  • https://neuvoo.kz/ — іздеу жүйесі ретінде қызмет ететін жұмыс іздеуге арналған қызмет көрсету. Мансап сайттарынан, кадрлық агенттіктер мен компаниялардың ресми сайттарынан өзекті деген бос жұмыс орындарын тегін индекстейді. Бүкіл әлем бойынша іздеу жүргізуге болады;
  • www.jobbydoo.de — Германияда тәжірибеден өту мен жұмыс іздеушілерге арналған ресурс.