Қадағалаушы кеңес

Қадағалаушы кеңес — ҚНУ басқармасының жоғарғы органы. Ол университет қызметінің негізгі салаларын үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ ҚНУ-дың оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, жоба жұмыстарын ұйымдастыруға негіз болатын барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Атап айтқанда, жылдық бюджетті бекітеді, құрылтайшының шешімдерінің орындалуын қадағалайды, президент және ректор кандидатурасын бекітуді құрылтайшыға бағыттайды.

Кеңес құрамына Германия ЖЖО-ның, ҚР БжҒМ, DAAD, сондай-ақ Қазақстандағы германиялық мекемелердің Қауымдастығының (VDW) өкілдері кіреді.

Қадағалаушы Кеңес мәжілістерінің тұрақты қонағы Қазақстандағы Германия елшілігінің өкілі болып табылады. Кеңес құрамы құрылтайшының шешімімен төрт жылдан көп емес мерзімге тағайындалады.